Қазақстанда қаржы пирамидаларының саны артуда

Қазақстанда қаржы пирамидаларының саны артып келеді. Олардың жаңа түрі пайда болды. Алаяқтар ломбард атын жамылып жұмыс істеп келеді.

«Қазақстанда қаржы ұйымдарының қызметінен 17 мыңға жуық қазақстандық зардап шекті, оларға 21 млрд теңгеден астам сомада залал келтірілді», — деп хабарлады Бас прокуратураның қаржы заңнамасының сақталуын бақылау бөлімінің бастығы Мақсат Орақбаев.

Сондай-ақ, ол алаяқтар ломбард атын жамылып қаржы пирамидаларын ашып жатқанын, осыған байланысты осындай ұйымдарды анықтау бойынша шаралар қабылданғанын айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, 350-ден астам ломбард пен онлайн-кредиторлардың қызметіне тексеру жүргізді. Барлық тексерілген ұйымдарда жасырын комиссияларды белгілеу, микрокредиттер бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлемесін көтеру және кепіл заттарын негізсіз сату түріндегі қарыз алушылардың құқықтарын бұзушылығы анықталған, — деді Мақсат Орақбаев.

Ол тексеру кезінде ломбард мынадай бұзушылықтарды анықтағанын атап өтті: бұл микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің сақталмауы; тұрақсыздық айыбы мөлшерінің, кепіл заттарын өткізу тәртібінің бұзылуы; жасырын комиссиялар, сондай-ақ ломбард ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауы.

Өз кезегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы бойынша өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Сәлима Жүрунова, азаматтардың көбісі қысқа уақытта байып шыға келемін деп ойлап, қаржы пирамидаларының қулықтарына түсіп жатқанын, сонымен қатар олардың зардаптарын, әсіресе, материалдық жағдайларды ойламайтынын айтады деп атап өтті.

Мысалы, бас прокуратураның статистикасы бойынша, ағымдағы жылдың 7 айында қаржы пирамидаларын заңсыз құру бойынша қылмыстық істер саны 8 есеге өсті және осы пирамида құрушылардың келтірілген залалы шамамен 3 млрд теңгені құрады. Бүгінде экономикалық тергеу қызметі инвестициялық компанияның қамқорлығымен қаржы пирамидасын құрған «Би ту би» компаниясының басшыларына қатысты іс-шаралар жүргізуде. Азаматтардың өтініштері қылмыстық істерді жасауға негіз болды, — деді агенттік өкілі.

Ол алаяқтар адамдардың психологиясын жақсы білетінін және тез және оңай байып кетуге деген табиғи ықыласын жақсы білетінін және олардың айласына түсетінін атап өтті.

Адам банк депозиттерінен 20-50%, кей жағдайларда 200% және 300% жоғары табыстылық уәде бергенде бірден ақыл-есінен айырылады.

Егер сізді қаржы пирамидасына қандай да бір жолдамалар, лотереялар мен сыйлықтар ұтыстарымен тартатын болса, бұл күмәнді іс-шара екенін түсініп, алаяқтардың назарына түспеуіңіз керек. Әдетте, мұндай компаниялар төлемдер туралы іздер мен мәліметтер қалдырмас үшін, ақшаны қолма-қол немесе әлдебір интернет-порталдар арқылы жинайды, — деді Салима Жүрунова.

Жалпы алғанда, тексеру қорытындысы бойынша жосықсыз қаржы ұйымдарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 910 іс қозғалып, 70 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Агенттік 150 ұйғарым енгізіп, қарыз алушыларға 130 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды.

Қазіргі уақытта сыйақы мен тұрақсыздық айыбын қоспағанда, микрокредиттер беру кезінде қарыз алушылардан кез келген төлемдер мен комиссияларды алуға тыйым салу заң жүзінде белгіленген.

Бұдан басқа, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап микроқаржы қызметін міндетті лицензиялау енгізіледі.

Добавить комментарий