ҚР Сауда интеграция министрлігінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, «Ақсу Кант» ЖШС, «Меркі қант» ЖШС, «Көксу қант зауыты» ЖШС және «Тараз қант зауыты» ЖШС өкілдері Қазақстан Республикасының аумағында қант бағасын ұстап тұру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
ҚР ТМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, меморандумға қол қою ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар өнімдердің болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар жалпы қант саласын дамытуға мүмкіндік береді.
«Қант зауыттары үш айлық қант шикізатын сатып алып, жыл бойы тұрақты өңдеуді қамтамасыз ете алады. Өз кезегінде зауыттар 1 жылға сату бағасын белгілеу, зауыттарды міндетті түрде жаңғырту, сақтау қуатын ұлғайту және қант саласын дамыту жөніндегі жоспарды мүлтіксіз орындау бойынша нақты өзара міндеттемелер алады «,- деді Ержан Қазанбаев.
Қазақстанда қант бір жылда 87%-ға қымбаттады.