Қазақстанда доллардың ресми бағамы өсті

Қазақстанның Ұлттық банкі 2021 жылғы 28 қыркүйекте доллардың ресми бағамы қандай болатынын хабарлады.

Оның құны 423,95 теңгені құрайды. 25-27 қыркүйек күнгі АҚШ валютасының ресми бағамы 423,91 теңгені құрады.

2021 жылғы 27 қыркүйектегі күндізгі сессияның қорытындысы бойынша KASE биржасында доллардың орташа алынған бағамы 423,95 теңгені құрады.

Ашық деректерге сәйкес, қазіргі таңда Алматының айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 424,18 теңге, ал 425,72 теңгеге сатады.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастаушыл америкалық валютаны орта есеппен 423,80 теңгеден сатып алады, 424,89 теңгеден сатады.

Добавить комментарий