Қазақстанда алдағы күндері жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін деп күтілуде. Аптаның екінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады.
Солтүстік, орталық өңірлерде жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.
Аптаның соңына қарай еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында жаңбыр жауады, найзағай болады, елдің солтүстігінде түнгі уақыттарда жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.
Республиканың оңтүстігінде, фронтальды бөлімдердің өтуімен, сондай-ақ жаңбыр жауады, найзағай байқалады, таулы аудандарда қарға ұласатын жаңбыр жауады
Күндізгі уақыттарда ауа температурасы еліміздің батысында негізгі фон 15-23, орталығында 15-25 градус жылыны құрайды, солтүстік жартысында 15-22 градус жылыдан 10-18 градус жылыға дейін төмендейді.
Еліміздің шығысында термометр бағандары 8-17 градус жылыдан 14-23 градус жылыға дейін, оңтүстігінде 20-28 градусқа дейін жылиды.