Қазақстанда алдағы демалыс күндері шыңылтыр аяз болады

Қазақстанда, алдағы демалыс күндері ел аумағының басым бөлігінде шыңылтыр аяз және қалың қар жауады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар жауады.

«Қазгидромет» АҚ мамандары алдағы демалыс күндері республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты.

Метеоқызметтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар күтіледі. Тек елдің батысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасынмен жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік – шығысында тұман болады.

Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта 13-22-ден 20-30 аязға дейін төмендейді, еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 аяз күтіледі.

Добавить комментарий