Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылғы 15-17 қараша аралығында қатты аяз болады деп болжап отыр.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, республиканың ауа-райына әлі де Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді, жауын-шашын, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты екпінді жел 15-28 м/с сақталады, 15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан да аса қатты жел күтіледі.
«Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп күтілуде. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі», — делінген хабарламада.