Қазақстанда АҚШ доллары арзандады

Қазақстанда Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттығында сағат 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа алынған бағамы 0,37 теңгеге төмендеп, 434,23 теңгені құрады.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 437,5-438,5 теңгеден сатып алады/сатады, еуро — 495-499 теңге, Ресей рублі — 5,7-5,89 теңге.

Сонымен қатар, 24 қаңтарда сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы өсуде.

Наурыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,80%-ға көтеріліп, барреліне $85,82 болды.

Наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,88%-ға — барреліне $88,66 дейін өсті.

Добавить комментарий