Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 35 орынды иеленді

Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы жүргізген соңғы зерттеулерге сәйкес Қазақстан 2021 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 35 орында тұр.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMD рейтингі – келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі: «Экономикалық қызмет», «Үкімет тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым».

2021 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте жетекші орынға Швейцария ие. Үздік 5 елге Швеция, Дания, Нидерланды және Сингапур кіреді.

2021 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленді. Қазақстан Португалия (36 орын), Индонезия (37 орын), Латвия (38 орын), Испания (39 орын), Словения (40 орын), Үндістан (43 орын), Ресей (45 орын), Түркия (51 орын) сияқты елдерден алда келеді. Биыл Қазақстан рейтингтің барлық факторлары бойынша өз позициясын жақсартты.

Добавить комментарий