Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, Қазақстанда 1 021 100 адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдырды.
Бүгінгі күні бірінші компонентті 2 076 841 миллион қазақстандық салдырды.
Ең көбі Алматыда — шамамен 200 мың адам толық вакцинацияланды, Алматы облысында — шамамен 125 мың адам, Қарағанды облысында — 100 мыңнан астам және Нұр-Сұлтанда — шамамен 95 мың адам.
Қазақстан халқы шамамен 19 миллион адам.
Қазақстанда «Спутник V» (Ресейде әзірленіп, Қазақстанда шығарылған), қазақстандық QazVac, сондай-ақ қытайлық Sinopharm вакцинасын салдыруға болады.