Шектеу шараларын енгізбеу үшін елорда тұрғындарын вакциналауға шақырды

Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Елорда әкімі қалада карантиндік шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлады.

Әкім Көлгінов КВИ-ге қарсы екпе алмағандарды отпен ойнап отыр деп мәлімдеді.

Қала басшысы қала тұрғындарын қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Қала басшысы бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

«Біз әлі де «қызыл» аймақтамыз! Күнделікті COVID-2019 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталады. Бір жағынан, бұл ПТР тестілерінің санын көбейту арқылы, екінші жағынан, оқшаулау мен санитарлық нормалардың бұзылуынан болып отыр. Ashyq жобасы арқылы карантин талаптарының өрескел бұзылғанын көріп отырмыз. Өзін-өзі оқшаулауы тиіс (байланыста болған, жұқтырған) азаматтар бар, бірақ олар адам көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Осылайша, коронавирустың таралуына әсер етіп жатыр. Мұндай адамгершілікке жатпайтын бұзушылықтарды тоқтатып, жолын кесеміз!», — деп жазды Алтай Көлгінов.

Ол қала тұрғындарын сырқаттанған адамдардың статистикасына бей-жай қарамауға шақырды. Әрбір санның артында бір адамның өмірі, олардың отбасыларының тағдыры тұр, деп еске салды әкім. Қала басшысы әлі вакцинацияланбаған адамдар отпен ойнап жүргенін білмейді, олар ерте ме, кеш пе жеңілетінін айтты.

«Бұл ретте өз денсаулығын ғана емес, туыстарына, жақындарына және қоршаған ортаға қауіп төндіред. Былтыр, яғни жағдай бұдан да ауыр кезде санитарлық нормаларды сақтаудан басқа амалымыз болмаған еді, ал 2021 жылдың басынан бастап вакцинация басталды! Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде, сондай-ақ қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін СОО, СҮ және адам көп жиналатын басқа да орындарда ашылды. Вакцинация бәріне тегін жүргізіледі. Оның бірнеше түрі бар», — деп еске салды ол.

Алтай Көлгінов көршілес елдерде коронавирустың таралуы күшейіп жатқанын білеміз, штаммдардың жаңа түрлері пайда болады, бұл өзге елдерде карантиндік қосымша шектеулер енгізіліп, жаңа инфекциялық стационарлар ашылып жатыр деп атап өтті. Қазір Нұр-Сұлтанда мыңға жуық адам емделіп жатыр, ашылған төсектердің жүктемесі 50%-ды құрайды.

«Қаламызға қосымша шектеулер енгізгіміз келмейді. Бұл қала экономикасына, тұрғындардың әл-ауқатына әсер етеді. Оның үстіне күзде жаңа оқу жылы басталады. Бірақ балаларымыз үшін мектептерді қайта аша алмаймыз, ұжымдық иммунитет қалыптасқанға дейін қаламыз қалыпты режимге оралмайды. Вакцинация – адам өмірін қауіпті вирустан құтқаратын жалғыз панацея», — деп атап өтті әкім.

Күлгінов қазақстандықтардың ешбір дәлелі жоқ интернетте таралып жатқан жалған әңгімелерге емес ғылыми түрде дәлелденген қорғану тәсіліне сену керек екенін айтты.

«Достар, өзіңіздің, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың өміріне бей-жай қарамауыңыз керек! Біз айналамыздағы адамдар үшін жауаптымыз! Вакцинация арқылы өзімізді қауіпсіздендіре отырып, жақындарымызды қатерден сақтаймыз», — деп жазды елорда әкімі.

Добавить комментарий