2024 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды медициналық, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тарту үшін 2019 жылдан бастап бес жылға енгізілген Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) жойылады. Осы күннен бастап БЖТ төлеп келген жеке тұлғалар белгілі бір шарттар сақталған жағдайда ұсынылатын арнайы салық режимін таңдау мүмкіндігіне ие болады.
«Жаңа нұсқалардың ішінде — жеңілдетілген декларация, патент, салық төлеуге арналған мобильді қосымша, сондай-ақ бөлшек салық», — деп түсіндірді Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті.
Сонымен қатар, енді жалдамалы еңбек пен жылдық табысы 12 ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын болса, жеке кәсіпкер ретінде тіркемей кәсіпкерлік қызметті жүргізсе болады.
Бұл өзгерістер елдегі кәсіпкерлікпен айналысуды жоспарлап отырған өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін салық төлеуге жаңа мүмкіндік болады.