Қазақстан Зымыран әскерлері қолбасшысы лауазымынан босатылды

Асқар Жоламанов Қазақстан Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай: «Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы лауазымынан босатылды».

Бұған дейін Болат Жорабаев Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалғаны хабарланған болатын.

Добавить комментарий