Қазақтелеком акцияларының үштен бірі мемлекеттің меншігіне қайтарылады

Қазақтелеком акцияларының едәуір бөлігі мемлекеттік меншікке қайтарылады. Хабарланғандай, Қазақстан үкіметі акционерлік қоғамның кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95%-ын құрайтын 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулы мәтінінде.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85%-ын құрайтын қоғамның 413 412 жай акциясын республикалық меншікке береді.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий