Қазақстан Әзірбайжан арқылы мұнайдың артық көлемін тасымалдайды

Энергетика министрі Қазақстанға мұнайды экспорттаудың баламалы жолдары не үшін керек екенін айтты.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов КҚК мұнайды сату үшін ең тиімді тиімді бағыт екенін мәлімдеді.

Таяу жылдары Қазақстан мұнай өндіруді арттырады.

«Біздің негізгі міндетіміз — жалпы экономиканың өсімін қамтамасыз ету үшін КҚК-ның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету. Алдағы екі жылда мұнай өндірісін 85,7-ден 103-ке дейін, тіпті жылына 107 млн тоннаға дейін арттырамыз. Мұндай жағдайда осындай үлкен көлемді тасымалдауды қалай тұрақты және үзіліссіз жөнелту керектігін ойлану қажет», — деп атап өтті министр.

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, екі негізгі бағыт қарастырылып жатыр — Қытай арқылы қазіргі мұнай құбыры арқылы және Каспий теңізі арқылы. Екінші бағыт бойынша Қазақстан Әзірбайжан және Иранмен ынтымақтаса алады, бірақ соңғысы санкциялық қысымға ұшырап отыр.

«Артық көлемнің бір бөлігі Әзірбайжан арқылы жөнелтіледі, басқа үлкен көлемдер туралы айтуға әлі ерте», — деп атап өтті Энергетика министрлігінің басшысы.

Министрдің айтуынша, алдағы бір-екі жылда мұнай бағамы барреліне 100 доллар деңгейінде қалады. Болат Ақшолақов бұл бағаны барлық өндірушілер үшін қолайлы деп атады.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы қазақстандық мұнайды экспорттауға қатысты келіссөздер туралы ақпарат пацда болған. Егер ортақ келісімге келер болса, қазақстандық мұнайды тасымалдау үшін «Баку-Тбилиси-Джейхан және Баку-Супса» құбырларын пайдалануға болады.

Добавить комментарий