Италия Премьер-Министрі РФ СІМ басшысын сынға алды

Италия үкіметінің басшысы Марио Драги РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың италиялық теледидарға берген сұхбатында айтқан пікірін сынға алды.

«Біздің еліміз өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік береді, тіпті жалған және қате болса да. Мен министр Лавровтың айтқанын қате деп есептеймін. Ал Гитлер және Гитлердің еврей болғаны туралы айтылуы, бұл шынымен де әдепсіз», — деп мәлімдеді ол дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

1 мамырда Медиасет телекорпорациясының «Rete-4» арнасының эфирінде Лавров Украинада болып жатқан оқиғаларға қатысты РФ-ның негізгі ұстанымдарын баяндап, украиналық тарап АҚШ-тың қолдауымен «барлық мәселелерді жеке-дара шешуге ұмтылып» келіссөздерді жалғастырғысы келмейтінін, сондай-ақ батыстық БАҚ таратқан жалған деректерді көрсетіп, Ресей басшылығының бірқатар шешімдерін түсіндірді.

Италияда министрдің Рим «Ресейге қарсы санкцияларды жақтап қана қоймай, әртүрлі бастамаларды көтеріп отырған елдердің қатарында болғанын», сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский мен Адольф Гитлердің еврей екені туралы және антисемитизм туралы пікірлеріне «таң қалдым» деп мәлімдеуі үлкен резонанс тудырды. Бұл Римдегі еврей қауымы тарапынан қатты сынға ұшырады.

 

Добавить комментарий