Қазақстан жастарға жеңілдікпен шағын несие беруге шамамен 30 млрд теңге бөледі

ҚР Үкіметі жас кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетуді жалғастыруда. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын жүзеге асыру аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылды. Бұл қадам экономиканың түрлі салаларындағы жастар кәсіпкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда жас кәсіпкерлерден 5,3 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 3 344 жоба мақұлданды. Бұл өз кәсібін бастағысы келетін жастар арасында аталмыш бастамаға жоғары қызығушылық тынытып отырғанын көрсетеді.

2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде. Бұл қолдау маңызды қаржылай көмек қана емес, сонымен қатар өз идеяларын жүзеге асыру асырғысы келетін жас кәсіпкерлер үшін де ынталандырушы фактор болып табылады.

Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.

Жеңілдікті шағын несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі. Жалпы 2023 жылы 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр. Бұл қадам экономикалық өсімге ғана емес, елімізде жаңа жұмыс орындары мен инновациялық жобалар құруға да ықпал етеді.

Добавить комментарий