Қызын сатқан әйел Қазақстанға қайтарылды

ІІМ интерпол ұлттық орталық бюросы қызын сатқан қылмыскерді Қазақстанға қайтарls.

Іс-шара оңтүстік кореялық әріптестерімен өзара бірлесе отырып өткізілді.

Кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы әйелге іздеу жарияланған.

«Бұған дейін әйел қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурант халықаралық іздеуге жарияланды», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Оңтүстік Кореядан депортацияланғаннан соң Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамады.

Добавить комментарий