ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмонияның үш өлім жағдайы тіркелді.
Ведомствоның хабарлауынша, екі науқас коронавирустан, біреуі пневмониядан қайтыс болды.
Өткен тәулікте, 9 наурыз күні коронавирустық инфекцияның 693 жаңа жағдайы тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік! Қазақстанда 1 ақпаннан бастап Ресейде әзірленген «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасымен коронавирусқа қарсы вакцинация басталды.