Қазақстан Сирияға 160 млн теңге көлемінде көмек көрсетеді

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл үшін ел бюджетінен 160 млн теңге бөлінді.

Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте мәлім етті.

«50 тонна азық-түлік, жылы киім, шатырлар мен төсек жабдықтары түріндегі көмек Қазақстанның арнайы ұшақтары арқылы Сирия Араб Республикасының аумағына жеткізіледі. Бүгін Алматыдан Сирияға алғашқы ұшақ ұшып шықты», — деп толықтырды Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияда жер сілкінісі 6 ақпанда болған еді.

Қазіргі уақытта дүйсенбі күні Түркия мен Сирияда болған жер сілкіністерінен 21 мыңнан астам адам қаза болғаны белгілі, алайда БҰҰ апаттың толық ауқымы әлі белгісіз екенін айтып отыр.

Добавить комментарий