
Украинаның қауіпсіздік қызметі отандық және шетелдік БАҚ журналистеріне ескерту жасады. Хабарламада жарылыстардың фото және видеоларын жарияламауға шақырады.
Украина қауіпсіздік қызметі (УҚК) украиналық және шетелдік журналистерді жарылыстардың фото-видеосын жарияламауды, сондай-ақ атыс орындары туралы деректер мен осыған ұқсас ақпаратты таратпауға шақырады. Бұл туралы жексенбі күні Львов облысы бойынша УҚК басқармасының баспасөз хатшысы Роксолана Яворская мәлімдеді.
«Біз фото-видеоларды жарияламауға шақырамыз. Бейбіт тұрғындар бар, сіздердің жарияланымдарыңыздан, тікелей эфирлеріңізден адамдар қаза табуы мүмкін», — деп украиналық «Страна» басылым оның сөзін келтіреді.
Яворская шетелдік журналистерді мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткенін атап өтті.