2022 жылғы 10 қаңтарда — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ЕҚЫҰ Төрағасы — Польша Республикасының Сыртқы істер министрі Збигнев Раумен телефон арқылы сөйлесті.
Министр поляк әріптесін елдегі жағдай туралы, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
ЕҚЫҰ іс басындағы Төрағасы жақындағы қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстанға қолдау білдіріп, қаза тапқан қазақстандықтардың жанұяларына көңіл айтты және тез арада шиеленістің деэскалациясы мен елдегі жағдайдың тұрақтануын тіледі.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.