Қазақстан демократия қолдау саммитіне шақырылмады

АҚШ Демократияны қолдау саммитіне 100-ден астам елді шақырды, тізімде Қазақстан жоқ

Естеріңізге сала кетейік! АҚШ президенті Джо Байден шамамен 110 елді желтоқсанда виртуалды өтетін демократияны қолдау саммитіне шақырды. 23 қарашада күні мемлекеттік департаменттің сайтында жарияланған тізімге сәйкес, шақырылғандардың арасында батыстағы одақтастары бар, алайда Қытай мен Ресей тізімде жоқ.

Шақырылғандар мемлекеттер тізіміне Армения, Болгария, Грузия, Косово, Молдова, Черногория, Солтүстік Македония, Пәкістан, Румыния, Сербия және Украина кірді. Тізімде Орталық Азия елдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Босния және Герцеговина мен Венгрия елдері жоқ.

Үкімет, азаматтық қоғам мен жеке меншік сектор өкілдерінің басын қосатын Демократияны қолдау саммиті 9-10 желтоқсанда онлайн өтеді.

Фото: АҚШ Қазақстанды демократияны қолдау саммитіне қатысуға шақырған жоқ

«Саммит демократиялық елдер алдында тұрған проблемалар мен мүмкіндіктерге шоғырланып, ел ішінде және шетелде демократия мен адам құқықтарын қорғау бойынша жеке және ұжымдық міндеттемелерді, реформалар мен бастамаларды жариялау үшін көшбасшыларға платформа ұсынады», — делінген Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.

Бұл міндеттемелер авторитаризмге қарсы тұру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және адам құқықтарын құрметтеуге ықпал ететін ішкі және халықаралық бастамаларды қамтитын болады.

Фото: АҚШ Қазақстанды демократияны қолдау саммитіне қатысуға шақырған жоқ

Добавить комментарий