Қазақстан: Шетелдіктерге қызмет көрсету үшін 8 ХҚКО жұмысы күшейтілді

Қазақстанға келген шетелдік азаматтар санының көбеюіне байланысты 8 ХҚКО-ның жұмысы күшейтілді.

Мұндай шешімді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қабылдады. Өтініштердің көбеюіне байланысты шетелдік азаматтарға қызмет көрсету үшін ХҚКО-лардың жұмысы күшейтіледі.

Мемлекеттік корпорацияда атап өткендей, ХҚКО-лар Астана, Алматы және Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қабылданған шаралар ХҚКО-да ЖСН алушылар леін азайтады, — делінген хабарламада.

«Азаматтарға арналған үкімет» хабарлағандай, енді шетелдіктер сегіз облыстағы арнайы күшейтілген ХҚКО-ға жүгіне алады, олар шетелдік азаматтарды мына мекен-жайлар бойынша қабылдайды:

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Құлагер шағын ауданы, Серіков көшесі, 6а;
Астана қ., Сауран к., 7;
Павлодар қ., Павлов к., 48;
Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81/2;
Қостанай қ., Гашек к., 14;
Петропавл қ., Әуезов к., 157;
Көкшетау қ., Әуезов к., 189а;
Ақтөбе қ. Сәкібай батыр даңғ., 249.

ЖСН алу үшін резидент еместерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі, ал көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхаты, сондай-ақ өтініші болуы қажет, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий