
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі MEDEÝ коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
“Қазақстан Ұлттық банкі “Республика игілігі” монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік MEDEÝ күміс коллекциялық монеталарды айналымға шығарады. MEDEÝ коллекциялық монеталары Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады”, – делінген хабарламада.
MEDEÝ монетасы дизайнының тұжырымдамасы атақты бөгет пен “жарылыстан туындаған” мұз айдынының пайда болу тарихын бейнелейді.
Монета дизайнының графикалық тұжырымдамасы бүкіл әлемге әйгілі “Медеу” биік таулы мұз айдынын қоршаған Іле Алатауының жартасты тауларын аллегориялық қабылдауға негізделген.
Сату күні туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.
Онлайн-сатылымға көшу қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай аясында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пилоттық режимде жүзеге асырылуда.
Монеталарды онлайн-сату және жеткізу ҚҰБ интернет-дүкенінің жаңартылған платформасының көмегімен жүзеге асырылады. Тапсырыстарды өңдеу белгілі бір уақытты талап ететіндіктен, монеталарды сату бірнеше күнге бөлінеді.