Қазақстан С5+1 форматында неге күресіп жүр

Қазақстан 2015 жылы С5+1 форматының мүшесі болды — Орталық Азияның бес елі мен АҚШ Мәскеудің қатысуынсыз жобаларды әзірлеп, оны жүзеге асырады. Осы одақтың аясында ҚР-да 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленіп, іске асырылып жатыр.

Осы үшін Қазақстан билігі әр түрлі бастамаларды көтеруде, мәселен:

  1. Тілдік реформа. Латын әліпбиіне көшу, сондай-ақ қазақ тілін дамыту үшін билік өкілдері ұйымдастыратын іс-шаралар жүйесі.

  2. Көпвекторлық саясат. Қазақстан үкіметі көршілес және батыс елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға тырысуда.

3, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан Ресей Федерациясының қатысуынсыз ОА елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда бастамашы болып табылады.

ҚР билігі алға жылжу үшін С+1 форматын таңдағанының жарқын мысалы — РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкиннің ЕАЭО-ға мүше елдер Беларуське қарсы салынған жаңа санкцияларға байланысты Батысқа бірлескен қарымта жауап беруі мүмкін деген мәлімдемесінен кейін, ҚР билігі осы мәселеде РФ-ны қолдамайтынын мәлімдеді.

Қазақстан билігінің осы даму векторын таңдағанына таң-тамаша болатындай ештеңе жоқ. Қазақстан 2015 жылы ОА елдерімен қатар С5+1 платформасының мүшесі болды. Бұл платформа Орталық Азия мен АҚШ-тың 5 мемлекетін біріктіреді. Аталан платформа осы мемлекеттердің экономикалық және экологиялық бағыттардағы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын кеңейту үшін құрылған. Сондай-ақ, мүше елдер тап болуы мүмкін әр түрлі қиындықтарды, мәселен, COVID-19 сияқты проблемаларды бірлесіп еңсеру үшін платформаны қолданады.

Қазақстанның песпективасы зор болғандықтан АҚШ-ты қызықтырады: бай табиғи ресурстар, стратегиялық орналасқан жері, экономикалық, көлік және логистикалық мүмкіндіктер.

Ресей тарапы «С5+1» форматын ОА елдерінің Ресей Федерациясымен арадағы қарым-қатынасын әлсіретуге бағытталған деген пікірде. Бұл туралы РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров 2018 жылдың қаңтар айында мәлімдеді.

Ол аталған жобаның мәні Мәскеудің қатысуынсыз Орталық Азия елдерінің басын қосып барлық жобаларды оңтүстікке қарай өрістету екенін еске салды.

Лавров «басқа да серіктестерді тарту үшін ашық» ете отырып «Ресейдің ірі еуразиялық жобасы Еуразия құрлығын біріктіруге бағытталған» деп атап өтті.

Добавить комментарий