Ресей Федерациясы Қазақстанмен тығыз әрі ауқымды ынтымақтастықты қалайтынын әрдайым баса айтады. Сонымен қатар екі елдің теңдігі туралы айту мүмкін емес.
Ресей Қазақстанға, насихат арқылы батыстан күрт ерекшеленетін құндылықтарды ілгерілетіп, оның саяси өміріне араласуда. РФ-ның мақсаты көршілес елге толығымен тәуелсіз және егеменді мемлекет болуына жол бермеу. Соңғы уақытта Ресей көрші елдерге өз ықпалын жоғалта бастады. Неге бұлай болып отыр? Қазақстан үкіметі Кремльдің ықпалын барынша азайтқысы келеді, сондықтан АҚШ-пен ынтымақтастық өте қисынды көрінеді.
2020 жылдың басында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанға келді. Нұрсұлтанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті. Кездесу барысында екі саясаткер қос ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Помпео Қазақстанның бизнес-серіктестерді таңдаудағы еркіндігін қолдайтынын, бірақ америкалық компаниялармен ынтымақтастық ең жақсы нәтижелер әкелетініне сенім білдірді.
АҚШ әріптестікті нығайтуды және ынтымақтастықты кеңейтуді қалайды.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ посткеңестік кеңістікте экономикасы бойынша екінші болып табылатын Қазақстан экономикасына инвестиция көлемі бойынша екінші орында. 2005 жылдан бастап 2018 жылға дейін АҚШ $34 млрд инвестиция салды. Айта кетейік, Ресей тіпті алғаашқы бестікте жоқ, оның инвестициясы 14 млрд долларды құрайды.
Көптеген сарапшылар атап өткендей, Ресейде мұнай-газ, тау-кен өндіру және қаржы жобаларында Қазақстанға қажет озық технологиялар жоқ. Сондай-ақ, ресейлік компаниялардың америкалық компаниялармен салыстырғанда аз инвестициялық мүмкіндіктеріне назар аударған жөн. Яғни, қазіргі таңда Кремль Қазақстанға пайдалы қазбаларды табысты өндіру мен шығару үшін қажетті қаржылық және технологиялық ресурстарды бере алмайды.
Көптеген саясаттанушылар Ресейге салынған санкциялар оның жағдайын одан ары ушықтырады деп санайды. Олардың көпшілігі алдағы 10 жылға көңіл көншітпейтін болжам жасап отыр. Путин әлемдік аренада беделін түсіріп алды, сөйтіп ол тек өткір қажеттілік болған жағдайда ғана келіссөздер жүргізетін тартымсыз саясаткерге айналды. Өз кезегінде, осындай қалыптасқан жағдайда Ресей мен Қазақстанның тығыз ынтымақтастығының одан әрі дамуына теріс әсер етеді және тежейді.
Беларусьтегі соңғы жағдайларды мысал ретінде алсақ болады, Кремльдің ықпалын тежемесе, мемлекет пен оның халқы қандай саяси және экономикалық дағдарысқа ұшырауы мүмкін екендігін көрсек болады.