Саясаттанушылар «Кремльдің Украинамен соғысудағы мақсаты» — РФ аумағын кеңейту деп санайды

Қанды соғыстың төрт ай уақыт өтті, осы уақыт аралығында Ресей Украина аумағының едәуір бөлігін басып алып, өз бақылауында ұстап отыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда Ресей әскерлері Донецк және Луганск облыстарын толығымен басып алмақ. Қазір аталған облыстардың аумағында ұрыс қимылдары қызу жүріп жатыр.

«Бүгінгі таңда Ресей әскері ұрыс қимылдарын белсенді жүргізіп жатыр. Ресей президенті Владимир Путин өз империялық амбициясына қол жеткізу үшін кез келген құрбандыққа баруға дайын, бұл әскери шығындардың ауқымды екенінен көрінеді. Ресей билігі басып алынған аумақтардағы жергілікті тұрғындардың пікірін ескеретініне сендіріп отыр. Мәселен, РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков басып алынған аумақтардың тұрғындарына өз болашағына қатысты шешімді өздігімен қабылдаудың маңызды екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ресейлік шенеунік ДХР мен ЛХР-ны дамытудың өзекті екенін айтты», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

ЛХР басшысы Леонид Пасечник Северодонецктің үштен бірі бақылауға алынғаны туралы айта келе, ресейлік тарап қаланың инфрақұрылымын барынша сақтап қалғысы келетінін, сондықтан шабуылдың қарқынды бәсеңсігенін мәлімдеді.

«Дмитрий Песковтың, сондай-ақ ЛХР басшысының мәлімдемесі жалған. РФ ДХР мен ЛХР-ны, сондай-ақ басып алынған басқа да аумақтарды дамытқысы келмейді. Сондай-ақ, ешкім басып алынған аумақтардың тұрғындарына таңдау құқығын бермейді, оның үстіне ұрыс қтиылдары жүріп жатқан қалалардың инфрақұрылымына қамқорлық жасауды жоспарлап отырған жоқ», — деп хабарлайды саяси технология саласындағы украиндық сарапшылар.

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу «бейбіт тұрғындар арасында адам шығынының алдын алу және тұрғындарға эвакуациялануға мүмкіндік беру үшін» Ресей Украинадағы шабуыл қарқынын бәсеңдеткенін мәлімдеді.

Ресей әскерилері Киевтің бақылауындағы Украинаның Донецк және Луганск облыстарын басып алуға тырысуда

«Ресей әскерінің Украина жеріндегі әрекеттері жоғарыда аталған тұлғалардың мәлімдемесіне толықтай қайшы келеді. Мәселен, Украинаның барлық мұнай өңдеу саласы Ресей әскерінің жаппай шабуылдарына байланысты жұмысын тоқтатты. Күн сайын бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар саны артып келеді. Мариуполь қаласы жер бетінен жойылып кетті десе болады», — деп мәлімдейді Украинадағы саясаттанушылар.

«Сонымен қатар, РФ басып алынған қалалардың бірде-біреуін қайта қалпына келтірмейді, онымен қоса санкциялардың салдарынан ешқандай қаражат бөлмейді. Санкцияларға байланысты Ресей экономикасын қиын кезеңдер күтіп тұр. РФ жоспарына басып алынған өңірлерді дамыту кірмейді. Аталған соғыс — жау қолына кеткен Украина жерлеріне депрессиялық аймақтарға айналдырады», — деп жазады батыс экономистері.

Добавить комментарий