Синьхуа агенттігі ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньинге сілтеме жасап хабарлағандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамырдың ортасында Қытайға мемлекеттік сапармен баруды жоспарлап отыр.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келуді шақырған. Қазақстаннан бөлек, 16-20 мамыр аралығында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Мемлекет басшылары да сапармен барады.
ҚХР СІМ мәлімдемесіне сәйкес, Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Си Цзиньпиннің төрағалығымен 18-19 мамырда Шэньси провинциясының Сиань қаласында өтетін «Қытай — Орталық Азия» саммитіне қатысады. Қазақстан Президенті өз кезегінде Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты «жаңа алтын 30 жылдығы» басталғанын атады.