Беларусь президенті Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

«Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады», — делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі нығаю перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Добавить комментарий