Қазақстан Президенті Пленарлық мәжіліске қатысты

Тоқаев Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында сөз сөйледі.

Америкалықтардың Ауғанстаннан кетуімен тәліптерге 85 млрд доллардан асатын ең заманауи әскери қару-жарақ қалды. Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты қауіп-қатерлер мен тәуекелдер айқын екенін атап өтті.

«Менің ойымша, бұл елден қауіп пен қатердің төніп тұрғаны анық. Америкалықтар кеткеннен кейін мұнда үлкен көлемдегі қару-жарақ қалды. Және олар жай қару-жарақ емес, құны 85 миллиард долларға бағаланып отырған заманауи қарулар. Босқындардың ағылу қаупі де сейілген жоқ», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл мәселеде Қазақстан Ресей мен және Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдерімен бірыңғай пікірді ұстанатынын атап өтті. Ол жуырда ұйымға мүше елдер Ауғанстанға қатысты мәселелер талқыланған кеңес өткенін еске салды. Нәтижесінде «бұл елден келер қауіп пен қатерге қатысты бірыңғай позицияны ұстану» жөнінде шешімге келді.

«Әрине, құрғақ ауыз сөзбен емес, іспен бағалау керек екенін түсінеміз. Сондықтан Ауғанстандағы жағдайдың дамуын, билікке келген тәліптердің саясатын мұқият бақылаймыз», — деп атап өтті Тоқаев.

Ол Қазақстанның Ауғанстанда бейбітшілік орнағанын қалайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда биліке келген тәліптер 15 тамызда Кабулды басып алған. Артынша «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) бүкіл елді бақылауға алғанын мәлімдеді.

Қазір жаңа билік өз үкіметін құрылғанын жариялады — бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек» деп мәлімдеді.

Ахмад Масуд басқарған жасақтар «Талибанға» қарсы шықты. Оған бұрынғы үкіметтік армияның сарбаздары қосылды — сілтеме бойынша егжей-тегжейлі мәліметі оқи аласыз.

Добавить комментарий