Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев жаңадан сайланған Мажарстан премьер-министрі мен Сербия президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанды сенімді жеңісімен Қазақстан халқының және жеке өз атынан құттықтағанын хабарлады
«Сайлаудағы жеңісіңіз – отандастарыңыздың Сізге және Өзіңіз басқарып отырған партияның Мажарстанның саяси-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуге және оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз, — делінген құттықтау жеделхатында.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Сербия президенті Александр Вучичке құттықтау жеделхатын жолдады.