Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочиге келді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) келді.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізеді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен 19 тамызда Сочиге, ал 24 тамызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Бакуге ресми сапармен баратыны хабарланған болатын.