Қазақстан Президенті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы:

  • Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында Қарулы Күштері, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
  • Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында Қарулы Күштерге, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
  • Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

Үкіметке, ҰҚК-ге, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызмет өткеру үшін шақырылған азаматтарды жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру тапсырылды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий