Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу күні туралы:
«Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалсын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын», — делінген Мемлекет басшысының қаулысында.
Орталық сайлау комиссиясына депутаттардың кезекті сайлауын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.
«Үкімет, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдері Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын», — делінген жарлықта.
Айта кетейік, өткен Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтті. Оған алты саяси партия қатысты, олардың үшеуі Парламенттің төменгі палатасының құрамына өтті. Олар — Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстанның Коммунистік халық партиясы.