Әсет Масабаев Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып Әсет Масабаев тағайындалды деп хабарлайды

Әсет Масабаев 1985 жылы дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс институтының, Экономика және құқық академиясының, Мәскеудегі Ресей халықтар достығы университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы электр станциясының» электр монторы қызметінде бастаған. 2008 жылдан 2010 жылға дейін «Наз» ЖШС бас энергетигі, «Алмаз және КЮС» ЖШС техникалық директоры болды.

2010-2013 жылдар аралығында жетекші маманның міндетін атқарушы мен Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының энергиямен, жылумен жабдықтау бөлімінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Әр жылдары Жетісу және Медеу аудандары әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы, Алматының Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматының Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Добавить комментарий