Қазақстан Президенті ГФР мемлекет басшысын шығарып салды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлады Aqorda.

Франк-Вальтер Штайнмайердің сапары одан әрі Маңғыстау облысында жалғасады.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 19 маусымда Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

20 маусымда Қазақстан мен Германия президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер нәтижесінде мемлекет басшылары арасында 9 құжатқа қол қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Германия президенттері БАҚ өкілдері алдында сөз сөйлеп, Қазақстан-Германия бизнес-форумына қатысты.

Добавить комментарий