Ақорданың ақпараты бойынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.
Олардың ішінде — Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы бар.
Президенттің баспасөз қызметіне сәйкес, аталған pаңның мәтіні баспасөзде жарияланады.