Қазақстан Президенті Астанадағы EXPO аумағын қаңырап бос жатыр деді

Тоқаев Астанадағы EXPO аумағы қаңырап бос жатыр деді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында мәлімдеді.

«Өзенге жаяу адам жүретін көпірлер салу керек. Мұндай өткел, әсіресе, қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет. Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бір де бір көше салынған жоқ.

Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көшелер көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек. Білікті мамандарды тартып, оңтайлы шешім қабылдауға болады. Мысалы, бізде ЭКСПО аумағы бар. Бір қарағанда, өте әдемі жер. Бірақ қаңырап бос жатыр», — деді Мемлекет басшысы.

Шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болады.

«Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн», — деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Добавить комментарий