Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдын ала болжамдарға сәйкес еліміздегі мұнай қоры алдағы 100 жылға жететінін мәлімдеді. Дегенмен, ол ел үкіметі перспективалы блоктарды әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатқанын, ол үшін мұнай барлау мен өндірумен айналысатын компаниялар үшін жеңілдік жасалатын жаңа модельдегі келісімшарт бекітілгенін атап өтті. Лукойл сынды бірнеше компаниялар тиісті келісімге қол қойды.