Дүниежүзілік пошта одағы жариялаған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан пошта қызметтерінің даму деңгейін анықтайтын рейтингте 52 орында тұр.
Зерттеуге барлығы 170 ел қатысуда. Алдыңғы жылдағыдай рейтингтің көшбасшысы Швейцария болды. Үздік 10 елдің қатарына Австрия, Германия, Нидерланды, Жапония, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Сингапур кіреді.
Рейтинг төрт негізгі компонентті бағалау негізінде жасалады: сенімділік, қамту, өзектілік және тұрақтылық
Қазақстан 2020 жылғы рейтингте үш сатыға түсіп, Солтүстік Македония (51-орын) мен Дания (53-орын) арасында 52-орынды иеленді. Сонымен қатар, Ресей мен Беларусь сияқты ЕАЭО елдері рейтингтің алғашқы 20 елдің қатарына кірді.
Жалпы, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚР-да пошта және курьерлік қызмет көрсету көлемі 29 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артты. Соңғы үш жылда сектордағы қызмет көрсету көлемі жылына орта есеппен 8,7%-ға өсті.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде пошта қызметтерін дамытуда ҚР ұлттық пошта операторы — «Қазпошта» АҚ маңызды рөл атқарады. Компания пошталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Оның иелігінде Қазақстанның бүкіл аумағын, әсіресе аудандық және ауылдық жерлерді қамтитын елдегі ең ауқымды филиалдық желі бар.
Әлемдегі адам құқықтарының мониторингімен айналысатын Freedom House халықаралық үкіметтік емес ұйымы ғаламтор еркіндігінің жай-күйі туралы өзінің жыл сайынғы зерттеуін жариялады. Қазақстан осы зерттеуде рейтингтің қайтадан "Интернеті шектелген" елдердің қатарына жатқызылды және рейтингте айтарлықтай регресс көрсеткен елдердің қатарында. Қазақстан ғаламтор еркіндігі бойынша әлемдік рейтингте позициясын жоғалтты. Мұндай деректерді Freedom House халықаралық…
Украиналық «Новая почта» логистикалық компаниясы Италияда алғашқы бөлімшесін аша отырып, Еуропада өз қызметін кеңейтуде. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. "Бүгін Италияда Еуропадағы 80-ші Nova Post бөлімшесін аштық. Алдағы уақытта желіні кеңейтіп, Рим мен Неапольда бөлімшелер ашуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы барлық бөлімшені Еуропа елдерінде ашуды жоспарлап отырмыз", - деп…
Венгрияда 16 желтоқсанда атап өтілетін еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы жарық көрді. "Мажарстанның пошта маркасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Пошта маркалары Елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдалануға болады", - деп хабарлады Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінің баспасөз қызметі. Нақтыланғандай, алғашқы мерейтойлық маркалар Мажарстан Үкіметі, ғылым және…