Қазақстан пошта сервистерін дамытуда 52 орынға ие болды

Дүниежүзілік пошта одағы жариялаған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан пошта қызметтерінің даму деңгейін анықтайтын рейтингте 52 орында тұр.

Зерттеуге барлығы 170 ел қатысуда. Алдыңғы жылдағыдай рейтингтің көшбасшысы Швейцария болды. Үздік 10 елдің қатарына Австрия, Германия, Нидерланды, Жапония, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Сингапур кіреді.

Рейтинг төрт негізгі компонентті бағалау негізінде жасалады: сенімділік, қамту, өзектілік және тұрақтылық

Қазақстан 2020 жылғы рейтингте үш сатыға түсіп, Солтүстік Македония (51-орын) мен Дания (53-орын) арасында 52-орынды иеленді. Сонымен қатар, Ресей мен Беларусь сияқты ЕАЭО елдері рейтингтің алғашқы 20 елдің қатарына кірді.

Жалпы, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ҚР-да пошта және курьерлік қызмет көрсету көлемі 29 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға артты. Соңғы үш жылда сектордағы қызмет көрсету көлемі жылына орта есеппен 8,7%-ға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде пошта қызметтерін дамытуда ҚР ұлттық пошта операторы — «Қазпошта» АҚ маңызды рөл атқарады. Компания пошталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Оның иелігінде Қазақстанның бүкіл аумағын, әсіресе аудандық және ауылдық жерлерді қамтитын елдегі ең ауқымды филиалдық желі бар.

 

Добавить комментарий