Қазақстан: пневмонияға шалдыққан науқастардың саны артып келеді

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония диагнозы қойылған науқастардың саны артып келеді.

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, 42 486 адам коронавирус инфекциясынан (42 022 КВИ+ және 464 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 705 пациент стационарда, 27 781 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 770 адамның жағдайы ауыр;
  • 193 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бір тәулік ішінде 22 қазақстандық коронавирустық инфекциядан қайтыс болды. 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы 3621 өлім жағдайы тіркелді.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 26 сәуірдегі мәлімет бойынша 156 жаңа жағдай тіркеліп, 4 жағдай өліммен аяқталған. 87 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Ауырғандар — 52 627, өлім жағдайлары — 786, барлығы — 51 377 адам сауығып шықты.

Добавить комментарий