Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері телефон арқылы сөйлесу барысында қом ел арасындағы стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты», — делінген 2022 жылғы 20 қаңтарда, бейсенбі күні Ақорданың хабарламасында.
Президенттер келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты
«Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды», — делінген хабарламада.