«ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-47452-1675254932-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қуаныш Құдайбергенов «ҚазМұнайГаз» ҰК «АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол ірі мұнай-газ активтері бағытына жетекшілік ететін болады.

Басқарма төрағасының ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасары Мұрат Мұнбаев 2022 жылғы желтоқсан айында өз еркімен қызметінен кетті.

Қуаныш Құдайбергенов әр жылдары «Интегра» ЖАҚ-та бұрғылау инженері, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ техникалық маманы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобаларын дамыту департаментінің менеджері болып жұмыс істеді, «ҚМГ Қансу Оперейтинг» ЖШС, «Ромпетрол C.A.» компанияларында басшылық қызмет атқарды.

2017 – 2021 жылдары – ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры. 2021 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» бас директорының орынбасары.

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаздың» басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов болды.

Добавить комментарий