Қазақстан мен Иран: СІМ басшылары ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады

Кездесу барысында ведомство өкілдері екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін, сондай-ақ Қазақстан-Иран әріптестігінің даму перспективаларын талқылады. Министрлер ағымдағы мемлекеттік мәселелер туралы пікір алмасты.

Қазақстан мен Иранның СІМ басшылары Мұхтар Тілеуберді және Джавад Зарифтың ресми кездесуі барысында екі елдің ынтымақтастығына оң баға берді.

Бүгін біз Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен өте жемісті кездесу өткіздік, оның барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына және оның болашақ дамуына шолу жасадық.

Нұр-Сұлтан мен Тегеранның өңірлік және халықаралық мәселелерге қатысты өзара ұстанымдары бойынша пікір алмастық», — деп хабарлады ҚР СІМ брифингінде Мұхтар Тілеуберді.

Министр бүкіл әлемді шарпыған COVID-19 пандемиясы халықаралық қатынастар жүйесіне елеулі әсер еткенін атап өтті.

«Осыған қарамастан, пандемия қаупі бәсеңдеген соң біз екіжақты іс-шараларды өткізу туралы уағдаластық.

Бүгін біз Каспийге қатысты екіжақты және көпжақты ынтымақтастыққа баса назар аудардық.

2018 жылы Ақтауда өткен Бесінші Каспий саммитінің тарихи маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның баптарын орындау және Ақтау саммитінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажеттігі келісілді», — деді министр.

Мұхтар Тілеубердидің айтуынша, олар екі елдің өзара іс-қимылын оң бағалады:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы,
  • Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес
  • Ислам ынтымақтастығы ұйымы,
  • Экономикалық ынтымақтастық ұйымы,
  • басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар.

Добавить комментарий