Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейн Рамазан айының басталуына орай телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін құттықтады.
Тараптар бір-бірін құттықтап, Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ, көшбасшылар екі ел арасындағы тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Бұған дейін, 20 наурызда, Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы сөйлескен болатын.