Қырымдағы жарылыстар: Washington Post Украинаның қатысы барын мәлімдеді

The Washington Post украиналық әскерилердің Қырым түбегіндегі жарылыстарға қатысы барын мәлімдеді.

Америкалық басылым аты-жөнін жария етпеген украиналық шенеунік Қырымдағы әуе базасында болған жарылысқа арнайы жасақтардың қатысы барын хабарлады.

Еске салайық! Қырымдағы әуе базасында болған жарылыстан 14 ресейлік жарақат алды.

Журналистермен жасырын түрде сөйлескен Киев билігінің өкілі шабуылдың егжей-тегжейін ашпады. Жеке мәлімдемеде Украинаның Әуе күштері Қырымдағы жарылыстарды айтып өткен, бірақ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Басылымның хабарлауынша, Украинаның Қырымға шабуылы соғыс қимылдарының күрт өршуіне алып келеді.

Аты аталмаған америкалық шенеуніктің айтуынша, Киев Қырымға шабуыл жасаған болуы мүмкін, алайда АҚШ берген қаруды қолданбаған.

9 тамызда Қырымдағы Новофедоровка кентінде бірнеше жарылыс болды. Нәтижесінде бір адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алды. Ресей Қорғаныс министрлігі жарылысқа өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзылуы себеп болуы екенін айтты. Ведомствоның мәліметінше, жарылыс Саки әскери әуеайлағының аумағында болған.

 

Добавить комментарий