Қазақстан мен Беларусь бірлесіп кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті нығайтуда. Еуразиялық топтың пленарлық отырысы аясында екі елдің құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.
Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға байланысты қылмыстарды тергеу кезінде тәжірибе алмасуға және жәрдемдесуге ықпал етеді.