ҚР Президенті Қайырбек Сүлейменовті қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовті қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері және ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовті қабылдады», — делінген хабарламада.

Кездесуде Қайырбек Сүлейменов елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру аясында құқық қорғау жүйесі мен азаматтық қоғамды одан әрі дамытудың келешегі туралы ой-пікірін айтты. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.

Добавить комментарий