Қазақстан майнерлер үшін төлемақының жаңа сараланған ставкалары белгіленді

Келесі жылдан бастап қазақстандық майнерлерге тұтынылған электр энергиясы бағасының құнына байланысты түрлі салық ставкасы бойынша салық салынатын болады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының прогрессивті шкаласы қолданылатын болады. Ставканың өзгеруі тұтынылған электр энергиясы бағасының құнына байланысты, деп хабарлады Мемлекеттік кіріс комитеті.

Салық кодексінің 606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес, цифрлық майнинг үшін төлемақының мөлшері электр энергиясының 1 киловатт-сағаты құнына байланысты болады. Арзан бағада электр энергиясын қолданған кезде төлемақының ставкасы жоғары, яғни 25 теңге болады. Егер, керісінше, қолданған электр энергиясы қымбат бағада, яғни 24 теңгеден жоғары болса, төлемақы ставкасы төмен болады, яғни 1 тенге көлемінде.

Одан бөлек, өзінің меншігіндегі электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге ставкасы бойынша есептеледі.

Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған немесе олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 25 теңге ставкасымен есептеледі.

Төлемақының әр түрлі ставкаларын қолданудың бірнеше негіздері бір мезгілде туындаса, төлемақының ең жоғары ставкасы қолданылады.

Добавить комментарий